Zertteu Research Institute қоғамдық қоры зерттеу нәтижелерін жариялады, оған сәйкес 2020 жылы 102 адамға сыйақы ретінде 2,9 млрд теңге төленді.
«Сыйақы – бұл ақшалай төлем. Сыйақыны кімге тағайындау керектігі туралы қағиданы мемлекеттік акционерлік қоғам болып саналатын компаниялардың акционерлері жазған. Директорлар кеңесі әдетте басқарма мүшелерінің сыйақыларын анықтайды, ал директорлар кеңесін акционер тағайындайды. Бұл процеске тәуелсіз кеңесшілер қатыстырылмайды.
Сыйақы ретінде ең көп соманы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басшылары алған. Zertteu мәліметтері бойынша, 2020 жылы компанияның жоғары басшылығында жұмыс істеген 9 адамға 1 миллиард 58 миллион теңге сыйақы ретінде берілген. Орташа алғанда, бұл компания басқармасы мен Директорлар кеңесінің әрбір өкіліне жылына шамамен 117 миллион теңге, бұл айына 10 миллионнан сәл аз шығады. Алайда компанияның жылдық есебінде салық төлемдерін есепке алмағанда, басқа сома – 1,2 миллиард теңге көрсетілген. 2021 жылы сыйақы сомасы 1,1 миллиард теңгені құрады», - делінген қордың мәліметінде.
Белгілі болғандай, екінші орында 2020 жылы 11 адамға 529 миллион теңге төлеген «Qazaqgaz» АҚ компаниясы тұр. Айта кетерлігі, аталған компания былтыр жылдық есеп берген жоқ.
«Көшбасшылар үштігін – «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның 8 қызметкеріне 391 миллион теңге сомасында сыйақы беріліпті. 2021 жылы сыйақы сомасы 807 миллион теңгені құрады. «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басшылығы 2020 жылы ең аз ақша алды – жылына 4 адамға 42 миллион теңге сыйақы берілген. Орташа алғанда, бұл бір адамға 10 миллион теңгеден келеді. «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ 50 миллион теңгені 8 адамға сыйақы ретінде бөліп берген», - деліген хабарламада.
Белгілі болғандай, зерттеуде келтірілген барлық компаниялардың жалғыз құрылтайшысы және акционері – мемлекет екенін атап өткен жөн.
Azattyq Ruhy.