Теңге бағамы долларға шаққанда 182,08 көлемінде бекіді, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Бұл ұлттық валютаның соңғы екі айдағы ең төмен курсы. Бір сауда сессиясы барысында теңге долларға шаққанда 1,20 теңгеге беки түскен. Таңертеңгі сауда сессиясының көлемі соңғы бірнеше айда 752,5 миллион доллар болып отыр.
Айта кетейік, соңғы екі күн бойы әлеуметтік желілерде 1 тамыздан бастап, Қазақстанда теңге бағамы құлдырауы мүмкін деген дақпырт тарап кетті. Бірқатар лауазымды тұлғалардың оны теріске шығаруына қарамастан, халық валюта айырбастау пункттерінде үлкен қарбалас тудырды.
Осыған орай, Ұлттық банк девальвация туралы алып-қашпа әңгімелерге қатысты мәлімдеме жасайтындығын хабарлады.