Банктер «нашар несиелер» портфелін 2,3 пайызға (126,4 млрд. теңгеге) қысқартты, деп хабарлайды Ranking.kz.
Соңғы бір ай ішінде төлем мерзімі өтіп кеткен несиелер көлемі де 37,4-тен 37 пайызға дейін азайды.
Маусым айында барлығы 38 банктің 22-сі мерзімі өтіп кеткендерінің көлемін қысқартқан еді. Сөйтіп, жалпы алғанда бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, банк секторында 5,4 трлн. теңге көлемінде төлеу мерзімі өтіп кеткен несиелер қоры жиналып қалды.
Ал, жұмыс істеп тұрған несиелер 9,2 трлн. теңгені құрайды. Мұндай таза несиелердің 65,2 пайызы 6 банкте шоғырланған. Ал, бір жыл бұрын бұл көлем екінші деңгейлі банктерде 64,7 пайыз болатын.