$ 487.37  532.94  5.09

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті. 

"ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткіу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды", - делінген комитет мәлімдемесінде.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

"Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары