Экономика 03.02.2023 сағат 11:00

Пияз артқан 2 жүк көлігі Ресей аспақ болған

28 қаңтардан бастап 3 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салынған болатын.
Пияз артқан 2 жүк көлігі Ресей аспақ болған
Фото: Sputnik / Владимир Астапкович
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақтөбе облысында пияз артқан екі ауыр жүк көлігі шекарадан өтпек болған. Бұл туралы өңірдің Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.

«Ақтөбе облысындағы «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінен (Қазақстан-Ресей шекарасы) Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан пияз тасымалдаған 2 ауыр жүк көлігі өтіп кетпек болған. Аталған автокөлік құралдарының жүргізушілеріне пиязды шекарадан шығаруға тыйым салынғаны туралы хабарланды.

Қазіргі уақытта пиязды жөнелтушілерге қайтару немесе оны Қазақстанның басқа облыстарында сату туралы мәселе шешілуде», – деп жазды департаменттен.

Айта кетейік, 28 қаңтардан бастап 3 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салынған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар