$ 490.84  536.88  5.04

Елімізде азық-түлік бағасы тоқтаусыз қымбаттап жатыр

Өткен айда қияр 22,4%-ға, пияз 16,7%-ға, қызанақ 8,8%-ға, тәтті бұрыш 6,5% - ға қымбаттады.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Елімізде азық-түлік бағасы тоқтаусыз қымбаттап жатыр. 2023 жылдың қаңтарында инфляция 1,1% құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy LS-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, азық - түлік тауарларының бағасы 1,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 0,9%-ға, ақылы қызметтер - 0,7%-ға өсті.

Өткен айда қияр 22,4%-ға, пияз 16,7%-ға, қызанақ 8,8%-ға, тәтті бұрыш 6,5% - ға қымбаттады.

Сондай-ақ, күріш – 2,9%-ға, салқындатылған балық-1,8%, қара бидай наны, жұмыртқа – 1,7%, сұлы жармасы, шошқа еті, айран - 1,6%, тауықтың төс еті, ауыз сүт, тұзды ірімшіктер, жемістер, ауыз су -1,4%-ға өскені байқалды.

Ал құмшекер 1,9%-ға арзандапты.

Азық-түлік емес өнімдерінің ішінде тазалық сақтауға қажетті заттардың бағасы бірден өскен. Мәселен, бір айдың ішінде кір жуғыш ұнтақ 3,9% – ға, ағартқыш 3,5% – ға, ыдыс жууға арналған құралдар 3% – ға, кір сабын 2,7% - ға қымбаттады.

Ал тұрмыстық техника: шаңсорғыш – 1,6%-ға, микротолқынды пеш – 1,3%-ға, ас үй пеші - 1,1%-ға төмендегені тіркелді.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақтөбе облысында – 1,7%, ең төменгісі - Алматы облысында 0,7% тіркелді.

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлары Астана мен Шымкентте - 2,2% – ға, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,4%-ға, Ақтөбе облысында ақылы қызметтер - 2,8%-ға қымбаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары