Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің ғимараттарын салумен айналысып жатқан құрылысшылардың бірі құрылыс алаңында қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Марқұм Aden Metal компаниясының жұмысшысы болған. Мұны аталған компанияның ресми өкілдері растап отыр. Олардың айтуынша, қайғылы оқиға биыл 14 қаңтар күні орын алыпты.
"Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Өзге ешқандай ақпарат бере алмаймыз", - дейді компания өкілдері.
Aden Metal компаниясы құрылыстағы мердігер фирма болып есептеледі. Компания негізінен ғимараттардың сыртқы жаппасын және шатырын жабумен, жобалау жұмыстарымен, құрылыс материалдарын сатып алумен, құрылыс жүйелерін әзірлеумен және құрастырумен, оларды құрылыс алаңдарына орнатумен айналысады.
Прокурорлардың мәліметінше, 2016 жылы ЭКСПО-2017 құрылыс алаңында екі жұмысшы өайтыс болыпты.