$ 448.89  477.93  4.76

ЭКСПО ғимараты қирап қалуы мүмкін (ФОТО)

Егер әлеуметтік желіде тараған осынау фотосурет расымен де ЭКСПО-2017 ғимаратынан түсірілген болса, көп ұзамай бұл нысан да қирап қалуы бек мүмкін. Бұған дейін Халықаралық көрме орталығында бой көтерген зәулім көпірдің күл-талқаны шыққан болатын.

Аталған фотоматериалды Instagram әлеуметтік желісіне КТК телеарансының бұрынғы басшысы Арман Шораев жүктеді. Ол да суреттегі екіге бөлініп, құлайын деп тұрған темір қаңқаны ЭКСПО-2017 ғимаратынан түсірілген болуы мүмкін екенін жазып отыр.

Естеріңізге салайық, былтыр қараша айының орта тұсында ЭКСПО-2017 кешенінде қос ғимаратты жалғап тұрған көпір қирап қалған болатын. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басшылары келтірілген шығынның болмашы ғана екенін айтып, оны құрылыс компаниясы өз қаражатына жөндейтінін мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары