$ 444.22  476.38  4.82

Атырауда ЭКСПО-ны баннерін батпақтың дәл ортасына орнатқан

Атырауда ЭКСПО-2017 көрмесінің үлкен баннерін батпақтың қақ ортасына орнатып қойған. Жергілікті тұрғындардың бірі бұл көріністі суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктепті. Баннердің бағаны қыстыгүні Құрсай ауылының маңына қағылған.

Баннердегі жарнама жергілікті тұрғындарды Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне шақырып тұр. Ал, әлеуметтік желі қолданушылары бұл көрініске мысқылмен жауап беруде.

Атыраулықтар болса дәл осы баннер орнатылған жерде қозғалыстың қиын екенін айтып отыр. Оның үстіне, осы маңайдағы қоқыс контейнерлерін коммуналдық қызмет өкілдері сирек тазалайтын көрінеді. Салдарынан қоқысқа толған жәшіктерден жағымсыз иістер шығады.

Атыраудың іргесінде орналасқан ауылдар қар ерігелі бері батпаққа белшеден батып қалған. Жеңіл көліктер мұнда жүре алмайды. Ал, тұрғындар болса резіңке етікпен лайды кешуге мәжбүр. Тіпті, жедел жәрдем шақыртудың өзі мұң дейді жергілікті халық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары