$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да аудан әкімі ЭКСПО билеттерін тегін таратпақшы

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев соңғы кезде ел арасында көп талқыланып жүрген «ЭКСПО-2017» көрмесінің билеттерін сатуда тиімді әдісті қолданғалы отырғанын айтты деп жазады Nur.kz.

Телғараев мырза айтулы көрмеге облыс басшылығы тарапынан төрт мың билетті сату тапсырылғанын жеткізді. Дегенмен аудан басшысы бұл билеттерді халыққа күштеп сату жағдайы болмайды деп сендірді. Ел арасында наразылықты туындырмаудың жолын алдын ала ойластырып қойған әкім үшін бұл ретте демеушілер көмекке келмекші.

«Сату жағын қазір біз қарастырып жатырмыз. Ешқандай да міндеттеу болмайды. Тек ниет білдірушелір ғана сатып алады. Біз бір адамның Астанадағы көрмені тамашалап қайтуына, оның ішіне жол шығыны мен жүріп-тұруына 40 мың теңге кетеді деп есептеп шықтық. Билеттерді мектеп оқушыларына үлестіріп беруді жоспарлап отырмыз. Шығынды демеушілер есебінен қарастырмақпыз», - деді аудан әкімі.

Қысқасы, 110 мыңға ужық тұрғыны бар ауданды басқарып отырған басшы «құда да тыныш, құдағи да тыныш» деген болу керек, «ЭКСПО» билеттеріне қатысты мәселені осылайша шешпек екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары