$ 447.4  477.55  4.76

Ресей татарлары да ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуды жоспарлап отыр

Бұл туралы ресейлік татарлар делегациясының Жетісу жеріне жасаған арнайы сапары баысында белгілі болды. Татарстан Республикасы, Менделеев муниципалды ауданының басшылары Алматы облысымен әлеуметтік-экономикалық байланыс орнату мақсатында біздің елге арнайы ат басын бұрған.

Делегация Жетісу өңірінің еркін экономикалық аймақ құрудағы, көлік логистикасындағы тәжірибесімен танысып, мәдени-рухани қарым-қатынастарды нығайтуды көздеуде. Қонақтар бауырластарымен де кездесіп, өзара ой бөлісті. Менделеев ауданының басшылығы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне де қатысуға ниетті.

«ЭКСПО көрмесіне алдымен республикамыздың Президенті Рустам Минниханов келеді деп күтілуде. Егер сол сапарында муниципалды аудандардың жетекшілерін ертетін болса, біз көрмені тамашалауға қуана келеміз. Жалпы Татарстанда 45 муниципалды аудан бар. Біздің басты мақсатымыз - Қазақ елімен өте тығыз қарым-қатынас орнату»,- дейді Менделеев ауданының басшысы Валерий Чершинцев.

Талдықорған қаласында делегаттар көпсалалы қалалық ауруханасы мен Достық үйінде болып, шаһардың тыныс-тіршілігімен танысты. Айта кету керек, Алматы облысында 14 мыңдай татар ұлтының өкілі тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары