$ 443.85  474.3  4.8

Астанадағы ЭКСПО көрмесіне Арнольд Шварценеггер шақырылды

Қазақстандағы Street Workout федерациясының вице-президенті Ислам Бадургов пен "Болашақ" бағдарламасының стипендианты Салтанат Керімбаева биыл Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне танымал Голливуд актеры Арнолдь Шварценеггерді шақырды. Бұл туралы Ислам Бадургов өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеп отыр.

Айта кетейік, бүгін Оңтүстік Калифорния университетінде білім саласын дамытуға арналған саммит өтті. Аталған шараны Шварценеггердің өзі ұйымдастырған.

"Саммиттің ресми бөлімі аяқталғаннан кейін мен Арнимен бетпе-бет қалып, жеке әңгімелесуге мүмкіндік алдым, өзіміздің қозғалыс жайында айтып, пайдалы кеңес алдым. Өте керемет болды. Шварценеггерді биыл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырдық", - делінген Бадурговтың жазбасында.

Оның атақты актермен кездесіп, жеке әңгімелесуіне "Болашақ" студенті Салтанат Керімбаева көмектескен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары