$ 448.15  483.46  4.86

Алматы облысының әкімі соғыс ардагерлеріне ЭКСПО көрмесінің билеттерін сыйлады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Ұлы жеңіс мерекесімен құттықтап, сый-сыяпат тарту етуде. Қариялардың үйлерін аралаған өңір басшысы оларға азық-түлік себеттері мен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің билеттерін сыйға тартты.

«Өздеріңіз бара алмасаңыздар балаларыңыз, немере-шөберелеріңіз барып көрсін. Бұл Тәуелсіз еліміздің өміріндегі ең маңызды шараның бірі. Оны көрген де арманда, көрмеген де арманда», – деп тілегін білдірді облыс әкімі Амандық Баталов.

Құрмет көрсетілгендердің арасында биыл жасы 95-ке таяған, Елбасының өзі «Паравоз апа» атап кеткен Алтынай Есболат әжей де бар. Сталинград үшін болған шайқаста ерлермен бірдей ерлік көрсеткен абыз ана құттықтай келгендерге алғысын айтып, батасын берді.

«Біздің көрген бейнетімізді көрмеңдер, айналайын. Отаным аман болсын, бейбіт заман болсын! Жастарға айтарым, оқуды еш тоқтатпаңдар. Бұл заманда оқыған адам ғана жеңімпаз. Біздің ұрпақ – жеңімпаз ұрпақ. Білімдеріңді Отанымызды гүлдендіруге жұмсаңдар», – деді ардагер әжей.

Бүгінде Талдықорған қаласы бойынша ҰОС қатысқан көзі тірі 39 ардагер бар. Облыс басшысы, олардың ешқайсысын назардан тыс қалдырған жоқ. Арнайы уақытын бөліп, әр қарияның үйіне жеке кіріп, тілегін айтып, үлкендердің батасын да алды.

Бұл биыл ғана жасалып отырған шара емес. Жыл сайын ұйымсдастырылады. Жалпы, Амандық Баталов қай мереке болшсын, қарияларды блірінші құттықтайтын басшы ретінде де танымал.

Д.Жұмақұлова

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары