$ 447.4  477.55  4.76

ЭКСПО-2017 көрмесіне АҚШ президенті Дональд Трамп келмейді

Тура бір айдан кейін Астанада жалауын көтеретін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне АҚШ президенті Дональд Трамп келмейді. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол мәлімдеп отыр.

"Біз әлі делегацияның құрамын бекітпедік, сондай-ақ, олардың қашан келетіні де белгісіз. ШЫҰ-ға мүше елдердің - Қытай мен Ресей басшылары келеді деп күтіліп жатыр. Бірақ, біздің презилент келе алмайды, оның жұмыс кестесі алдын ала бекітіліп қойған. Шағын делегация болады. Әрине, олардың қатарында мен де бармын", - деді АҚШ елшілігінде өткен баспасөз мәжілісінде Джордж Крол.

Айта кетейік, 2017 жылдың ақпанында АҚШ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми мәлімдеген болатын. Көрмеге америкалық ірі компаниялар жаңартылған энергия көздерін өндіретін технологияларын алып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары