$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда «ЭКСПО-2017» көрмесіне билетті 71 нүктеден сатып алуға болады

Астана қаласында 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесіне Алматы қаласы бойынша билеттер сатылып жатыр.

Алматылықтар көрмеге билетті қала бойынша 71 жерден сатып ала алады. Басты нүктелерді атап өтсек: 

- "Мега Парк" ОСО, Сейфуллин к., 483, Мақатаев к. қиылысы
- "Мега Алматы" ОСО, Розыбакиев к., 247А
- Меломан, Гоголь көшесі, 58 (Панфилов көшесінің бұрышы)
- Меломан, «Dostyk Plaza» ССО, Самал-2, 111, (Достық даңғылы/Жолдасбеков көш.), 3 қабат
- MARWIN, «MEGA Alma-Ata» ССО, Розыбақиев көш., 247, 2-қабат ескі қанаттағы кинотеатр жанында
- MARWIN, «Сары Арқа» БО, Сәтпаев көшесі 13Б
- Қазпошта, Алматы қ., Бөгенбай батыр 134
- Қазпошта, Алматы қ., Достық к., 91/1
- Ресми билет кассасы, Абай даңғылы 56
- Ресми билет кассасы, Абай даңғылы 44
- Ресми билет кассасы, Алматы арена, Алғабас ш/а 1
- Ресми билет кассасы, Халық арена, Құлжа тас жолы 2д.
- Ресми билет кассасы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Абай даңғылы 44
- Ресми билет кассасы, Республика сарайы, Абай даңғылы 56

Билет бағаларына тоқтала кетсек. Белгілі бір мерзімге тіркелген билет – 4000 теңге, ал ал белгілі бір мерзімге тіркелген демалыс күнінің билеті мен апта күндеріне арналған билет құны 6000 теңгеден. Демалыс күніне арналған, мерзімі жазылмаған билетті алғысы келгендер 8000 теңге төлеуі тиіс.

Айта кетерлігі, ҚР азаматтары үшін жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы «Астана ЭКСПО – 2017» жедел штабының басшысы Ермекбаев Самғат: «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, 6 жасқа дейінгі балалар билетті тегін алады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен студенттерге, зейнеткерлер мен көп балалы ата-аналар үшін 50% жеңілдік қарастырылған. Алайда, шетелдік азаматтарға бұл жеңілдіктер берілмейді», - дейді.

Г.Сембиева

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары