$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда «ЭКСПО-2017» көрмесіне қызу дайындық жүріп жатыр

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне тек Астанада ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінде дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Әсіресе, Алматыда осынау көрменің артықшылықтары мен елге тигізер пайдасы жайлы түсіндіру шаралары қолға алынған. Сауда, өндіріс орындары мен бюджеттік ұйымдарда алматылықтар ЭКСПО-2017 жайлы толыққанды ақпарат алды.

Сонымен қатар, мектептер мен орта білім беру орындарындағы апталық тәрбие сағаттары ЭКСПО тақырыбына арналды. Ұстаздар оқушыларға көрменің маңызы мен мақсаты жайлы толық ақпарат беріп отырады.

Бұдан бөлек, Алматы бойынша 100 билборд тақтасына көрме туралы ақпараттар ілінген. LED-экрандар мен сауда, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен кинотеатрларда ЭКСПО жайлы бейнероликтер көрсетіліп жатыр. ЭКСПО брендбугіне сәйкес әуежай мен Алматы-1, 2 теміржол вокзалдарына, 201 мектеп пен 20 колледж, 19 интернат мекемесіне, 26 мектепаралық ұйым мен 79 денсаулық сақтау ғимаратына, 29 мәдени орталық пен метрополитен, сондай-ақ, қоғамдық көліктерге ілінді. Сонымен қатар, 15 сәуірден бастап ЭКСПО көрмесі аясында марафон, ҚазҰУ-да жасыл технологиялар орталығының ашылуы, ЭКСПО аллеясына ағаш отырғызу сынды жалпыхалықтық шаралар өтті.

Алматы халқы қаланың 1000 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты гала-концертте ЭКСПО көрмесіне арналған хореографиялық қойылымды тамашалады. Барлық мәдени, спорттық шаралар мен инвестициялық форумдарда көрме логотипі қолданылып келеді. Үш айға жалғасатын көрменің жоғары деңгейде өтуіне атсалысатын 900 студенттен құралған еріктілер тобы бар. Олар 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бері арнайы дайындықтан өтіп жатыр.

«Көрме басталған уақытта Алматы мен Астанаға арасында қатынайтын жолаушылар саны да өсе түспек. Қазіргі есеп бойыша бір тәуліктегі жолаушылардың орташа есебі 6096 адамға жетеді. Жолаушылар мен туристер санының артуына байланысты қосымша пойыздар, әуе және автобус тасымалы іске қосылады», - дейді «Астана ЭКСПО – 2017» жедел штабының басшысы Ермекбаев Самғат.

Алматы мен Астана әкімдіктерінің арасында көрме өтетін уақыт аралығында Астана қаласына азық-түлік өнімдерін тікелей тасымалдау жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Осы келісім аясында үш айда оңтүстік астанадан 20 мың тонна өнім жіберілмек.

Г.Сембиева

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары