$ 498.34  519.72  4.85

Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО кешенін аралап көрді

Елбасы көрменің басты нысаны болып табылатын «Нұр Әлем» павильонын аралады. Бұл – диаметрі 80 метр шар түрінде салынған әлемдегі бірден-бір ғимарат.

Павильонда «Болашақтың энергиясы музейі» орналасады, онда Қазақстанмен танысу аймағы болады, сондай-ақ энергияның негізгі түрлері ұсынылады.   

Қазақстан Президентіне «Болашақ Астана – Қазақстанның 2050 жылғы елордасы» экспозициясы, ғарыш энергиясы залы, қазақстандық 28 ғылыми жобаны және «Жасыл экономика» тұжырымдамасы жөніндегі жобаларды қамтитын «Жасампаз энергия» аймағы, сондай-ақ Қазақстанның «Токамак» материалтану термоядролық реакторының моделі, энергетика мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Мемлекет басшысының бастамалары көрсетілген медиақабырға таныстырылды.  

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев көрме кешенінің Конгресс-орталығында болып, «Шаңырақ», «Аспан» залдарын, VIP-террасаны, Концерт залын көрді. Конгресс-орталық көпфункционалды мәдени әрі ойын-сауық орталығы болып саналады. Онда 2 192 орынға арналған көрермендер залы және 4 конференц-зал бар. 

Қазақстан Президентіне көрменің ашылу рәсімі қалай өтетіні көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары