$ 498.34  519.72  4.85

Астанаға келген қытайлық турист дәмханадағы бағаның тым қымбат екенін айтып полицияға шағымданды

ЭКСПО көрмесінің өтуіне байланысты Астанаға Қытайдан мыңдаған туристің келгені белгілі. Сол туристердің бірі кеше полицияға хабарласып, өзі ас ішкен дәмханадағы бағаның тым қымбат екенін айтып шағымданған. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Туристің айтуынша, дәмхана қызметшілері оны алдап, үлкен сомадағы ақшасын иемденбек болған көрінеді. Алайда, оқиға орнына жеткен полицейлер жағдайды бейбіт түрде шешті.

Дәл осы күні астаналық тәртіп сақшылары испан туристеріне де көмектескендерін айтып отыр. Чемодандарын таксиде ұмытып кеткен Испанияның қос азаматы дереу "102" номеріне хабарласып, полициядан көмек сұраған екен. Көшедегі бейнебақылау камералары арқылы патрульді полиция қызметкерлері аталған такси көлігін тауып, шетелдіктерге жүктерін қайтарып берді.

Астаналық полицейлердің көмегіне бұл күні Англиядан келген турист те жүгінді. Қарағандыдан Астанаға автобуспен жетпек болған шетел азаматы Көшетау трассасындағы полиция бекетіне дейін өтіп кеткен. Қалаға дейін 20 шақырым болғандықтан ол өздігімен жете алмайтынын біліп, тәртіп сақшыларынан көмек сұрапты. Жол-патрульдік полициясының аға сержанты Қадыр Есжанов оны өз көлігімен Астанадағы қонақ үйге дейін жеткізіп тастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары