$ 444.32  473.33  4.76

ЭКСПО аясында Астанада Алматы облысының мәдениет күндері өтеді

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында елордада Алматы облысының мәдениет күндері өтеді. Көрме қонақтары мен қала тұрғындары 11-15 шілде аралығында Жетісудан келген өнерпаздардың талантын тамашалай алады.

Шараның салтанатты ашылу рәсімі 11 шілдеде «Қазақстан орталық концерттік залында болады. Бұл күні Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы мен «Құлансаз» фальклорлық-этнографиялық ансамблінің қатысуымен ауқымды концерт өтеді. Аталған ұжым 12 шілдеде Жастар сарайында «Жетісу – ән, жырдың ордасы» атты дәстүрлі әндер концертін, 13 шілде кешкі сағат 18:00-де Жастар сарайында «Талды арулар» – Алтынай мемлекеттік халық би ансамблінің концертін, 14 шілде кешкі сағат 18:00-де этноауылда «Ауылың сенің іргелі» атты театрландырылған көрінісі мен дәстүрлі концертін, 15 шілдеде ЭКСПО алаңындағы Амфитеатрда «Жерұйық – жасыл бауларым»  атты концертпен шараның салтанатты жабылуын өткізеді.

 «ЭКСПО-2017» көрмесінің келушілеріне Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының да базарлығы бар. Мәдениет күндері аясында ұжым өз  репертуарын тамашалауға шақырады. 11 шілде сағат 12:00-де  «Қуыршақ» театры сахнасында «Құстар фестивалі» ертегісі сахналанады. Астаналықтар мен қала қонақтары 11-13 шілде күндері сағат 18:30-да «Жастар» театрының сахнасында облыстық театрдың тырнақалды қойылымдарының бір парасы «Ромео мен Джульетта» трагедиясын, «Ең жақсы еркек» комедиясын, «Ілияс» деректі драмасын тамашалай алады.   

Ал, 2017 жылдың 7 шілде мен 7 тамыз аралығында, Астана қаласы Ұлттық-әскери музейінде М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тарих беттерінен» көрмесі өтеді! Көрмеге Алматы облысынынан арнайы әкелінген тарихи ерекше экспонаттар қойылады. Келушілер ғалым-саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың тұтынған заттарымен осы көрме арқылы таныса алады.

Дәл осы ҚР Қарулы күштерінің ұлттық әскери-тарихи  музейінде «Ата-баба аңсаған мәңгілік ел» атты көркемсурет көрмесі де өтеді. Ұйымдастырушы – Алматы облыстық «Көркемөнер» галереясы» Көрмеге галереяның негізгі қорындағы бұған дейін көркемөнертанушылардың жоғары бағасын алған жергілікті суретшілердің туындылары қойылады. Көрмені 7-15 шілде аралығында тамашалауға болады.    

Сондай-ақ, Алматы облыстық «Ұста Дәркембай» атындағы қолөнер музейінің тартуы ерекше. 11-20 шілде аралығында  «Шығыс базары»  Этноауылында  көрме өткізеді.  Қолөнер шеберлерінің металдан, теріден, ағаштан жасалған бұйымдары қонақтардың назарына ұсынылады.  Қолөнер музейі қызметкерлері зергерлік пен қыш өнерінің қыр-сырына қанық болып,  киіз басу, біз кесте, тоқыма өнерлерінен шеберлік кластарын  көруге шақырады. 

Д.Жұмақұлова

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары