$ 498.34  519.72  4.85

ЭКСПО аумағында баспалдаққа қызметтік көлікпен шығып кеткен жүргізуші ұсталды

Астанада Конгресс-орталық алдында баспалдақтан Mercedes көлігімен түскен жүргізушіге айыппұл салынды деп жазады Tengrinews.kz қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұл сурет өткен аптада жарияланған болатын. "Астана қалалық ІІД-нің ЖПҚ қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірі 017 AV Mercedes маркалы көліктің баспалдақ алаңына шығып кеткені түсірілген суретті зерттеді. Зерттеу қорытындысы бойынша жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 1-бөлігі ("Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу") бойынша 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Сонымен қатар, мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін жүргізушімен алдын алу әңгімелесу шарасын жүргізілгені айтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары