$ 443.85  474.3  4.8

ЭКСПО-ның миллионыншы билетін ОҚО тұрғыны сатып алған

ЭКСПО көрмесінің миллионыншы билетін сатып алған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Қайрат Мамаев Астана күні қарсаңында көрме қалашығын аралады деп жазады elorda.info.

Қайрат Мамаев сәтті билетті сәуір айында сатып алған ол Астанаға арнайы келген екен. Ол Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде инновациялық технологиялар жөніндегі проректор болып қызмет атқарады. «ЭКСПО көрмесіндегі инновациялық жаңалық пен ғылыми ізденістерді тамашаладым.

«Нұр әлем» сферасы мен шетелдік павильондардың әлеуетімен таныстым. Миллионыншы билетті сатып алған кезде көрме әкімшілігі Астанаға арнайы шақыртып, қонақ етті, бағалы сыйлықтар тапсырды», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары