$ 498.51  522.84  4.81

Астанада ЭКСПО көрмесі аясында «Жібек жолы – 2017» ауқымды ралли-рейд өтеді (ВИДЕО)

7 шілдеден 22 шілдеге дейін Ресей, Қазақстан, Қытай арқылы «Жібек жолы-2017» Мәскеу-Астана-Сиань трансқұрлықтық ралли-рейд өтеді. Бұл әлемнің авторалли жұлдыздары қатысатын жетінші ралли болмақ деп жазады Астана әкімдігінің медиа-орталығы.

Ғаламдағы ең ұзақ ралли дәстүрлі түрде Мәскеудің Қызыл алаңынан 7 шілде күні басталып, ары қарай жарыс жолы Шығысқа қарай бет алады. Қазақстанға керуен 10 шілде күні келіп жетеді және раллиді бірінші болып өткен жылдағыдай Қостанай қабылдайды, келесі күні жарысушылар Қостанай-Астана кезеңіне шығады.

Қазақстанның астанасына жеткен соң 11 шілде қатысушылар халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне арнап жүріп өтеді. 12 шілде Астана-Семей кезеңіне көшеді де раллидің қазақстандық кезеңі Семей-Үржар бағытымен аяқталады. Шығыс Қазақстан облысынан «Жібек жолы» Қытайға бағыт алады. Ол жерде жарысушылар 22 шілде көне қала – Сианьде мәреге жетеді. 

«Жібек жолы» раллиі – әлемдегі ең үлкен ралли-рейд жарыстардың бірі. Алғаш рет жарыс 2009 жылы Ресей, Қазақстан, Түркіменстан елдерін біріктіріп өткен болатын. Ралли үш мемлекет Президенттерінің бастамасымен өтті және жеңімпаздарды марапаттау салтанатына жеке өздері қатысты.  

 «Қазақстан өркениет пен мәдениет арасындағы алтын көпірге айналды. Біз осы раллиге, спорт жарысына қатысқанымызға қуаныштымыз. Әлемнің әр түкпірінен жиналған жарысқа қатысушылардың көне түркілер жерінде өткізген уақыты тек спорттық қызығушылықтарын ғана қанағаттандырмай, сондай-ақ әлем туралы білімдерін толықтырады деп сенеміз, - деді «Жібек жолы» раллиі қатысушыларын қарсы алу кезінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. 

2016 жылы «Жібек жолы» раллиі әлемдегі ең ұзақ раллиге айналып, жаңа деңгейге шықты. Silk Way Rally бағыты алғаш рет тарихында Мәскеуден бастап Пекинге дейін Ресей, Қазақстан, Қытай аумағы арқылы жалғасты. Мұндай шешім Ресей, Қазақстан, Қытай арасындағы экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық қарым-қатынастың қарқынды дамып жатқанын көрсету үшін қабылданған.

«Жібек жолы – 2017» раллиіне қатысушыларды өткен жылғыдай халықаралық деңгейдегі ралли жарыстарын өткізуге сай келетін табиғи ландшафты бар Қазақстанда қызықты кезең күтіп тұр.  Құмды төбелер, жылдам ралли дала жолдары, қиын навигация және де ұлттық дәмді тағамдар, шығыс қонақжайлылығымен қуанышты қарсы алу «Жібек жолы» раллиіне қатысушыларға Қазақстан туралы ұмытылмас естелік пен әсер сыйлайды, дейді ұйымдастырушылар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары