Экспо-2017 23.07.2017 сағат 12:39

ЭКСПО-2017: Аргентиналық делегация Ұлттық күнін атап өтті

Бүгiн EXPO-2017 көрмесi аясында Аргентина Республикасының Ұлттық күнi өтiп жатыр. Ұлттық күннiң салатанатты рәсiмiне келгендер аргентиналық танго мен маламбо билерiн тамашалады, деп жазады Baq.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ашылу салтанатының ресми бөлiгiнде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Аргентина Республикасының Ғылым, технологиялар және инновациялар министрі Лино Баранао, Аргентинаның Бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық пікір министрі Эрнан Ломбарди сөз сөйледi.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев өз сөзiнде Қазақстан үшiн Аргентина табиғаты тамаша, мәдениетi бай ел екенiн атап өттi.

«Аргентина талай ұлы адамды өмiрге әкелген ел. Буэнос-Айрес - бүкiл әлемге танымал ерекше әдемi танго биiнiң отаны, ал әлемдiк футболдың аты аңызға айналған өкiлдерi Месси мен Марадона қазақстандықтар арасында аса танымал», - дедi Абаев.

Ал Аргентинаның БАҚ және қоғамдық пікір министрі Эрнан Ломбарди Аргентина да Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет екенiн атап өттi. Аргентиналықтар да қазақстандықтар сияқты бейбiтшiлiк пен татулықты жоғары бағалайтынын айтты. Сондай-ақ, ол бiрiншi орынға адами ресурстарды қоятынын, онсыз дамудың даңғыл жолына түсу мүмкiн емес екенiн жеткiздi.

Аргентина өз павильонында да адами ресурстарға, адамдардың шығармашылығы мен ойлау креативтiлiгiне көп көңiл бөлген екен. Мәселен, павильонда адамның энергиясын сезiп, оны түрлi пiшiнде көрсететiн экран орнатылған. Инсталляциядағы суреттер адамның жылуын сезiп, соған байланысты қозғалады. Бұл Аргентинаның адам энергиясын, оның ойын бiрiншi орынға қоятынын бiлдiредi.

Тағы бiр айта кетерлiгi, Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласы - 2023 жылы өтетiн ЭКСПО көрмесiн өткiзуге үмiткерлердiң бiрi.

Естерiңiзге сала кетсек, кеше Дәурен Абаев пен Эрнан Ломбарди БАҚ саласында тәжiрибе алмасу жөнiнде келiсiмге келген болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар