$ 498.51  522.84  4.81

Астанада «Жасыл кө­пір» серіктестік бағдарламасы» ха­лықаралық форумы басталды

ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­сі қалашығы аумағында «Жасыл кө­пір» серіктестік бағдарламасы» ха­лықаралық форумы басталды. Екі күнге жал­ғасатын шарада «жасыл эко­номика» саласында тех­но­ло­­гиялар, халықаралық тәжі­ри­бе­­­мен алмасу, даму мен бизнесті кө­­­гал­­дандыру мәселелері тал­қы­ла­нуда деп жазады Egemen.kz.

Сонымен қатар, Париж климаттық келісімін іске асыру және «жасыл» қар­жыны мобилизациялау үшін төмен көміртекті технологиялар мен саясат жө­нінде сөз болмақ. Жиынға Нобель сый­­лығының лауреаты Рае Квон Чунг, Пәкістанның климатты өзгерту жө­ніндегі федералды министрі Захид Ха­мид, Қазақстандағы БҰҰ даму бағ­дар­ла­масының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура және басқа да халықаралық жә­не үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес қоғамдастықтың жоғары лауазымды өкіл­дері қатысуда. 

Басқосу барысындағы баспасөз мәс­лихатында Энергетика министрі Қа­нат Бозымбаев Қазақстан ұлттық дең­гейде экономиканы жаңғыртудың ау­қымды бағдарламасын жүзеге асыруға кіріс­ке­нін жеткізді. «Жасыл» экономикаға кө­шу үшін заңнамалық база құрылды. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші болып мемлекеттік деңгейде «жасыл» экономикаға көшудің стратегиялық құжатын қабылдап, оны төрт жылдан бері сәтті іске асырып келеді. Өңірлік тұрғыда Қазақстан энергиялық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етуде жауапкершілігі жоғары әрі сенімді қатысушы ретінде өзін көрсетуде. Еліміз тұрақты саяси және экономикалық дамуға үндеу жа­сап келеді. Өткен жылы Париждік кли­маттық келісім күшіне енді. Барлық елдердің алдында ғасырдың соңына дейін екі градустық деңгейді ұстап тұру мақсаты тұр. Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылдағы деңгейге қарағанда 2030 жылға қарай 15 пайызға төмендету міндетін өзіне алды. Жаңаратын энергия көздерін дамыту, энергия үнемдеу, энергия тиімділікті арттыру, көлікті экологиялық таза отын түрлеріне көшіру, сондай-ақ, орманды алқаптардың аумағын арттыру секілді шараларды іске асыру алға қойылған мақсат-міндетті орындауға мүмкіндік береді», деді министр. Оның сөзіне қарағанда, «Жасыл көпір» серіктестік бағ­дарламасы «жасыл» технологиялар трансферті жолымен белгіленген мақ­сат­тарға қол жеткізуде маңызды рөл атқ­ара алады. Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін «жа­сыл» климаттық қордың және өзге де ха­лық­аралық қаржы институттарының инвестициясын тарту қарастырылып отыр. 

Энергетика министрі елімізде «Жа­сыл көпір» бастамасын дамытудың ке­лесі қадамы «Жасыл технологиялар» халықаралық орталығын құрумен жал­­ғасатынын жеткізді. Қазақстан 

През­идентінің бұл бастамасына бүгінде халықаралық ұйымдар қолдау білдірген. «Қазақстан дәйекті түрде «жасыл» экономикаға ауысу тұжырымдамасын жүзеге асыруда. Осы тұжырымдаманы іске асырудағы қадамдардың бірі –ЭКСПО павильондары бірінің базасында «Жасыл» технологиялар және инвестициялар орталығын құруға негізделген. Өздеріңіз білесіздер, орталықты БҰҰ-ның түрлі ұйымдарының қолдауымен құру қарастырылып отыр. Сонымен қатар, біз жеке капиталдың қатысуын да ескерудеміз. Жаңа жылға дейін негізгі құжаттарға қол қойып, келіссөздерді аяқтаймыз деген ойдамын. Осы ретте алдағы жылы орталық толыққанды қызмет етуі тиіс», - деді Қ.Бозымбаев.

Конференция барысында «жасыл» технологиялар саласында Австриялық технологиялар институтымен, «KaukoInternational Group» фин компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Форумның екінші күнінде, яғни, бүгін, 13 шілдеде конференция қатысушылары «Арнасай» жасыл технологиялар орталығында болады. Онда инноваторлар мен жастардың қатысуымен «жасыл» технологиялар көрмесімен, Қазақстанның бірінші «жасыл» ауылымен, «EXPO-Camp» жасөспірімдер лагерімен таныстыру шаралары өтпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары