Экспо-2017 31.07.2017 сағат 03:18  2002

ЭКСПО-ға келген жамбылдық оқушыларды қондырмай үйлеріне қайтарып жіберген

Жамбыл облысы Жуалы ауданынан ЭКСПО көрмесін тамашалау үшін Астанаға арнайы келген оқушыларды ұйымдастырушы тарап қондырмай, ауылдарына қайтарып жіберген. Күні бойы кішкентай балалар көрмені ауыр сөмкелерін арқалап жүріп аралапты. Бұл туралы "Хабар-24" телеарнасы мәлімдеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұған ата-аналар турды ұйымдастырушылар мен білім бөлімін кінәлап отыр. Оқушылар Астанада екі күн бойы демалуы тиіс болған екен. Ол үшін әр балаға ақша да бөлінген.

Аяжан Сәттібек, оқушы:
- 06:00-де пойыздан түстік. Қонақ үйдің алдына алып барды. Далада тұрдық. Кіре алмадық. Содан кейін бізге «далада киініңдер» деді.

Іңкәр Тұрдалы, оқушы:
- Жетекшілер бізге «бәрі жақсы деп айтыңдар, ата-аналарыңа айтпаңдар» деді.

Таразға қайтар билет түнгі сағат 02:00-ге алынған. Ал оқушылар көрмені сағат 20:00-де аралап болған көрінеді. Балалардың тоқтайтын орны болмағандықтан, туркомпания өз қаражаты есебінен түнгі қалаға экскурсия ұйымдастырады. Сөйтіп жүргенде таңертеңнен бері қыдырудан шаршаған балалардың бірі топтан қалып қойған.

Ерсұлтан Дүйсенәлі, оқушы:
- Қатты шаршадым. Сөйтіп автобуста ұйықтап қалдым. Вокзалға түскен кезде адасып кеткенмін. Шаршағаннан ештеңе білмеймін. Есімде түк жоқ.

Ақмарал Әбдіраймова, ата-ана:
- Осылардың аман келгеніне қуандық. Қонақ үй жоқ. Көшеде киінген. Суицид қайдан шығады. Осылардан шығады.

Ал, балаларды Астанаға алып барған туркомпания өкілдері барлығы да алдын ала солай жоспарланған болатын деп өздеріне шаң жуытпай отыр.

Балагүл Махатова, туристік компания директоры:
- Далада киім ауыстырды. Себебі орын жоқ еді. Бір күнге ғана арналған тур. Таңертең келіп, кешке қайтады.

Ал Жуалы аудандық білім бөлімінің мамандарының уәжі басқа. Айтуларынша, келісімшарт бойынша екі күнге әр балаға 32 мың теңге көлемінде аударылған.

Салтанат Ескелдіқызы, Жуалы аудандық білім бөлімінің бас маманы:
- Талапты орындамай отыр. Baiterek Travel Center-дің өзінен жауапкершілік алу керек. Түсініктеме аламыз.

Айта кету керек, жалпы Жамбыл облысынан ЕХРО көрмесіне 6222 бала барады деп жоспарланған. Оның 2500-ден астамы бас қалада болып, халықаралық көрмені тамашалап келген.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар