Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының және «Metal Prom Group» ЖШС-нің бастамасымен Алмалы ауданының 60-қа жуық оқуда үздік оқушысына Астана қаласына саяхат ұйымдастырылды.
Елімізде өтіп жатқан EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударған ірі оқиғаға айналды. Елордамызға әлемнің түкпір түкпірінен келген мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы жетістіктерімен таныстырып, «болашақ энергиясы» болатын ғылыми жобаларымен тәнті етуде. Көрмені тамашалушы қауым иновациялық өркендеу жолындағы әр елдің мақсаттары мен алдағы уақытта атқарылатын қадамдарын зерделеуде.Көрмеге ерекше қызығушылық танытып жүрген азаматтардың басым бөлігі – жастар екені анық байқалады.
Осы ретте, Алматы қаласы Алмалы ауданының түрлі олимпиада жеңімпаздары атанған 60 жуық дарынды оқушыларына Астана қаласына, EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесіне экскурсия ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты білімге құштар жастарды, инновациялық нышанмен өрлеп келе жатқан әлемдік бірегейлі талпынысқа баулу, осы тұрғыда келешекте еліміздің, кемелденген ұрпақтың көшбасшы болуы табылады.
Көрме аясында оқушылар барлық мемлекеттердің павильондарын қамтуға тырысты. Тек аралап қана қоймай, мүмкіндігінше әр нәрсенің функциясымен анық танысып, қағаз бетіне түсіріп отырды. Одан бөлек, өз пікірлерін қоса білдіруге таласты.Экскурсия соңында жиған ақпарлары мен мәліметтерге сүйене, әр бала өзіндік идеяларын айтып, мақсаттарымен бөлісті.
Аталмыш экскурсия Алмалы ауданы әкімі аппаратының және Алмалы аудандық білім бөлімінің мұрындық болуымен, Аудандық «Нұр Отан» партиясы филлиалының қолдауымен, «Metal Prom Group» ЖШС-нің демеушілік бастамасымен жүзеге асырылды. Көрмеден бөлек, балаларға Елорданың көрікті жерлеріне де саяхат ұйымдастырылып, жағымды көңіл күй сыйланды.
«Metal Prom Group» ЖШС-нің бас директоры Абдулхалил Долқынтай, елімізде өтіп жатқан көрменің балалар үшін де, өзі үшін де маңыздылығын ерекше атап айтты. Бүгінгі таңда көптеген дамыған мемлекеттерде жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалар, түрлі өңдеуші шаралар, технологиялық өрдістермен таныса білген азаматтар – болашақта еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосатынына сенімін білдірді. Экскурсияның демеуші болуына да себеп болған басты мақсаты осыған кенелгенін атады.
Оқушылардың ата-аналары да ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, Астана қаласынан балаларының ерекше көңіл күймен оралғандарын айтты. Экскурсияға қатысушы оқушының анасы Қошқарбаева Алия, кәсіпкерлердің осындай игі іс-шараларға қосып жатқан үлестері үшін шын мәнінде тәнті болып, келешекте ел болашағы үшін жанашырлардың көбеюіне сенім артатынын атап айтты.Басқа да ата-аналар ыстық ілтипаттары мен жылы лебіздерін білдіруде.
Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуына қол жеткізеді. Осыған орай, жастардың технологиялық ілімге небәрі қызығушылық танытуы жақсылықтың нышаны. Ал Елордамызда өтіп жатқан Халықаралық көрмеге көзайым болу – әрбір инновацияға құштар азаматқа үлкен мотивация.