$ 444.22  476.38  4.82

Жақып Асанов ЭКСПО-2017 нысандарының қауіпсіздігіне қатысты жиын өткізді

Бүгін Астана қалалық әкімдігінде Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалық етуімен «EXPO-2017»халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі сараптамалық жұмыс тобының отырысы өтті.

Жиналыс жұмысына Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Даму» Қоры АҚ тәуелсіз директоры Серікбай Бисекеев, «EXPO» ұлттық компаниясының басшылары, сараптамалық топтың мүшелері, «АstanaInnovations»  және «Аstana LRT»компанияларының өкілдері қатысты.

Отырыста Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге, ұйымдастырушылық шаралар қабылдауға және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысты тапсырмалары мен ұсынымдарын орындаудың алдын ала нәтижелері талқыланды.

Үш ай ішінде сараптамалық топ белгілі бір жұмыстар атқарды. Бірқатар нормативтік құқықтық жобалар және көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша оларға енгізілетін түзетулер дайындалды.  «EXPO-2017» Сіздің қауіпсіздік жөніндегі гидіңіз» мобильдік қосымшасы бойынша техникалық тапсырма әзірленді. Халықаралық сарапшылардың консультативтік көмегі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қабылданып жатқан ұйымдастырушылық шаралары шеңберінде антитеррористік оқулар, полицейлер мен профайлер мамандарды оқыту, өртке қарсы қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру жүргізілді, «Құқық бұзу картасы» интернет-порталының техникалық жобасы әзірленді. А.ж. қарашасынан бастап көрме объектілеріне қол жеткізуді тіркеу жүйесі енгізілмек. Әуе кемелері мен аэровокзалды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Астанада қылмыстардың ай сайынғы тіркелуінің 20,5%-ға азаю динамикасы байқалады.

Отырыс барысында тәуелсіз сарапшы С.Бисекеев әлемнің дамыған қалалары үлгісінде елордадағы қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісті.

Отырыс қорытындысы бойынша Бас Прокурор сараптамалық топқа нормативтік актілер жобаларын әзірлеу сатысын аяқтау және оларды практикалық іске асыруға көшу жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін ескертті. Барлық пайдалы ақпаратты басшылыққа алу қажеттігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, а.ж. 14 шілдесінде Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланған және «EXPO-2017» көрмесін дайындау және өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қабылданған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары