$ 444.22  476.38  4.82

Астанада ЭКСПО-ның алғашқы нысандары пайдалануға берілді

Астанада құрылысы жүріп жатқан EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің алғашқы нысандары пайдалануға берілді деп жазады Tengrinews.kz.

Алғашқы халықаралық павильондар мен пәтерлер Қытай, Франция, Германия, Венгрия және Түркия сынды қатысушы елдерге арналып салынған.

Венгрия павильонының аумағы - 411,9 шаршы метр, Германия - 1 249,5 шаршы метр, Франция - 1 069,1 шаршы метр және Қытайға тиесілі павильон аумағы 1 000,27 шаршы метрді құрайды.

Нысандарды пайдалануға беру салтанатты шарасы "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің қатысуымен өтті.

"Бүгін біз үшін, біздің ұлттық компания үшін ерекше күн. Көрменің ең маңызды деген бес нысанының құрылысы аяқталды. Бұл - халықаралық павильондар, 1 374 орынға арналған EXPO-қалашық, EXPO-кеңсе, ішкі істер бөлімінің ғимараты және энергияны зерттеу орталығы. Барлығының аумағы 482 мың шаршы метрді құрайды", - деді А.Есімов салтанатты шара барысында.

Халықаралық көрмені ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, бүгінде Астанадағы көрмеге қатысуға 105 мемлекет пен 17 халықаралық ірі ұйым келісімін берген.

Ал, EXPO-2017 көрмесінің өзі Астанада 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді деп жоспарлануда.

ФОТО: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары