Әлеумет 17.08.2019 сағат 19:15

Мәйкішең Махамбет: суретші батырды неге осы кейіпте танығысы келді?

Жолымбет Мәкіш: «Баяғы заманға қазіргі түсінікпен қарайтын болып тұр ғой».
Мәйкішең Махамбет: суретші батырды неге осы кейіпте танығысы келді?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Фейсбук желісіндегі Махамбет Өтемісұлына қатысты бір жазба астына әлдебір суретші: «Мен Махамбетті осылай көремін», – деп осы суретті жүктеген еді. Суретін көшіріп алғанмен, кейін сол автордың өзін таппай қалдық. Қай жазбаға қалдырған пікір екені де есте жоқ.

Содан авторын білмек ниетпен бұл суретті әлеуметтік желілерге жүктеп көрдік. Бәрібір табылмады. Не үшін қызығушылық танытты десеңіз, баһадүр бабамыз атқа қасындағы Исатай Тайманұлы сияқты сауыт-сайманмен емес, арқасына домбырасын асынып алып, мәйкішең, жалаңбас қона салған. Ал Махамбет қайда, мәйкі қайда?! Үйлесім жоқ. Екіншіден, оның шалбары да күлгін түсті...

Енді осыған қатысты пікірлерге кезек берейік:

Beglan Sharınbai: «Артында «Nike» деген жазуы болмаса болғаны)))».

Жанна Амирхан: «Үйінде домбырасын алып, мəйкімен отырғанда «жау шапты» деген хабар келген де))».

Ұларбек Дәлейұлы: «Ана мәйкіден оқ өтпейді. Ауған соғысында киген» деуші еді Қошанды))».

Batyrjan Seidomar: «Осы суретшілер куады)».

Eskendir Tasbolat: «Басымда кепка, үстімде адик» деп əн айтып тұрмасын)».

Жолымбет Мәкіш: «Баяғы заманға қазіргі түсінікпен қарайтын болып тұр ғой».

Бейбіт Сарыбай: «Ел тыныш кезде бір уақ демалып, майопкіге шыққан да».

Қанат Ескендір: «Стройбаттың мәйкесін киіп алған ба?».

Ескерте кетсек, бұл жердегі қазақы қалжыңдар тікелей батырға емес, оны кенепке келіссіз етіп түсірген суретшіге қатысты айтылып отыр. Пікір білдірген белгілі блогерлер мен журналистер автор ойының логикаға қайшы екенін меңзеген. Егер өзі сол еңбегін ақтап алуға тырысса, суретшіден де жауап күтеміз. Бәлкім, қос батырды кескіндеуді ойға алған ол, қолына қылқаламды еріккеннен ұстамаған болар...

Еркеғали БОЛАТҰЛЫ

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар