$ 444.22  476.38  4.82

Мөлдір Әуелбекова Алматыда басшылық қызметке тағайындалды

Эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова Алматыдағы «Қазақконцерт» бірлестігінің эстрада бөліміне басшы болып тағайындалды. Сүйінші хабарды алғашқылардың бірі болып ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Айдар Қырықбай жеткізді.

«Сүйінші! Халықаралық байқаулардың лауреаты, күміс көмей әнші Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» бірлестігіндегі эстрада бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Мөлдір ханым, қызмет құтты болсын. Шығармашылық табыс тілеймін», – деп жазды Айдар Қырықбай өзінің Facebook-парақшасына.

Желі қолданушылары болса әншінің жаңа қызметін құп көріп, құттықтауларын жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары