Дайджест - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Дайджест

Дайджест

tengrinews.kz

АРЫНДАРДАЙ ӘКІМ ҚАЙДА?!

Алғаш Көкшетау қаласының әкімі Жарқын Жұмағұлов өз еркімен қызметінен кеткенде күнделікті көп жаңалықтың бірі боп қала берген. Жалпы, өзінен жоғары басшы келіп алып тастамаса, яки ауыстырып жібемесе, әкім қасқаңыздың жылы орнынан кете қоюы екіталай дүние еді. Бірақ, Жұмағұлов «жылы орын» деп жырғап жатпай-ақ, арыз жазып өз қалауымен кетті де қалды.

washingtonpost.com

ТЕРРОРИЗМ НЕГЕ МҰСЫЛМАНДАРДАН ҒАНА ШЫҒАДЫ?

Жексенбіде Лас-Вегаста орын алған қанды оқиғаны әлем бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Біздің БАҚ-тар да «орыстан» көшіргені бар, Батыстан тіке алғаны бар, қалыспай хабарлады. Екі полицей мен бір жергілікті тұрғынды атып өлтіріп, соңынан өз-өздерін мерт қылған екі экстермистің қанды оқиғасы еді бұл. Аталмыш оқиғаны әлем ақпарат құралдарынан террористік әрекет деп атаған ешқайсысы болмады, не тәржімандарымыз түпнұсқаға «адал» болды.

siteua.org

АНГЕЛА МЕРКЕЛЬ КІМДІ АЛДАП ЖҮР?

Шығыс Украинадағы шиеленіске байланысты Батыс елдері мен Ресей бір бірін жалған ақпарат таратты деп айыптап жатыр. Ресейлік телеарналардың таратқан деректеріндегі айғақты суреттердің жалған екенін білдіретін фактілер ғаламторда жарияланып та жатыр. Ресей жағы да қалысар емес, қолдан келгенше ресейлік БАҚ Украина мәселесінде батыстың кемшін тұстарын тізбелеп әлек.

lenta-ua.net

ЕРІН СҮЙРЕГЕН ХИЛЛАРИ ЕЛІН ДЕ СҮЙРЕГІСІ КЕЛЕДІ

Туасы, бақ отбасында бір адамда ғана болады. Не ерінде, не әйелінде. Бақтың екеуінде де болуы өте сирек кездеседі. Бақ әйелге бітсе Құдайдың бергені. Ондай әйел ерінің етектегі басын төрге сүйрейді. Ал, бақ ерге бітсе... Еркектің әйелдің басын төрге сүйрей алуы екіталай.

chaspik.spb.ru

АСАД ЖЕҢДІ, АМЕРИКА ЖЕҢІЛДІ

Қашанға дейін созылатынын кім білсін, әйтеуір бүгінде Американың иті қырын кетіп тұр. «Жауы айтып келіп, күйеудегі қызы қайтып келіп...» деп Осағаң айтпақшы, соңғы кезде Сэм ағайдың картасы шықпай-ақ қойды. Барак Обаманың маңдайы тасқа тиіп, тауаны шағылған кезі Сириядан басталады. Бүкіл Араб жарты түбегін жалынға орап, астан-кестеңін шығарған Ақ үй әкімшілігі Асадтан аса алмай қалды. Египет, Тунис, Алжир, Ливия, т.б. мемлекеттерге орнаған «Араб көктемі» Сирияға келгенде бірден күзге айналып кетті.

ru.gbtimes.com

ҚЫТАЙ НЕДЕН ҮРКІП ОТЫР?

Қытай билігі мыңдаған қауіпсіздік персоналдарын аттанысқа келтірді, – деп хабарлайды «Шанхай дэйли» (Shanghai Daily) отыз бірінші мамырдағы ақпаратында. «Шанхай дэйлиге» негізделгенде, терроризм қаупінен сақтану деген атпен Бейжің мыңдаған қауіпсіздік персоналдары мен 850 мыңнан артық қауіпсіздік волонтерлар қосынын аттанысқа келтірген.

censor.net.ua

ҚАДЫРОВ ХАЛҚЫ ҮШІН АЛАҢДАМАЙДЫ...

Азамат соғысы дейсіз бе, ел үшін соғыс дейсіз бе, әркім өзінше бағалар... Әйтеуір, Украинадағы соғыс қазір әлем назарында тұр. Әлемнің жетекші ақпарат құралдары бұл елде болып жатқан қай жаңалықты да құр жібермей, жіті бақылап отыр. Сондай жаңалықтардың бірінде Шығыс Украина жеріне Ресей мүддесі үшін шайқасқа барған шешен азаматтары да көрініс бере бастады. Әлеуметтік желілерде тез тараған бұл жаңалыққа Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та әлеуметтік желі арқылы түсініктеме берді.

tengrinews.kz

ЖАҒА ҰСТАТҚАН ЖАРТЫ ТРИЛЛИОН

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Елордадағы көлеңкелi экономиканың көлемi жарты триллион теңгеден асатынын жайып салды. Бұл туралы Астана әкiмi бүгін Ұлттық кәсiпкерлер палатасының қалалық конференциясы барысында мәлiм еттi, деп жазады Қазақпарат.

news.gazeta.kz

АЛҒАШҚЫ ОРЫНДА – АСТАНА

«Рейтинг.kz» зерттеу агенттігінің сарапшылары облыстар мен облыс әкімдіктері жұмыстарының биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы тиімділік дәрежесін анықтады. Рейтинг жүргізуге еліміздегі бизнес саласының, үкіметтік емес ұйымдар мен талдамалы қауымдастықтардың 40 сарапшысы қатысқан. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

ria.ru

ТАҒЫ БІР «ПРОТОН» АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

Байқоңырдан көкке көтерілмек болған кезекті протон апатқа ұшырады. Жерден көтерілгеніне 10 минут болмай жатып, 9-минутта сәтсіздікке тап болған. Ресейлік ақпарат көздері болса, ракета Қазақстан аумағынан тыс жерге құлады деп мәлімет таратуда.

362kz.kz

ӨНЕР ОРДАСЫНА ЖАСАЛҒАН ӨНЕР ГАСТРОЛІ

Өнер саласында Маңғыстау өңірінің ерекше таланттарға бай екені бұрыннан-ақ белгілі. Әсіресе, ұлттық өнерді дәріптеуде үлкен еңбектер атқарып отырған небір өнер майталмандары осы өңірден шыққан. Ал, бұл жолы аталған кие қонған өнер ордасына ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі сазгер Жалғас Кеңесов Маңғыстау өнер көшін алып барады.

pandaland.kz

АҚТАУЛЫҚ ҚЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Халықаралық эстрадалық ән байқауларында үлкендердің жолы болмаса да Ақтаулық жас бүлдіршіндер жарады. Қалалық Абай атындағы «Радуга» балалар шығармашылығы студиясының тәрбиеленушісі XII Халықаралық вокалдық «Бозторғай» балалар байқауында жеңімпаз атанды.

kapital.kz

Жарылқап ҚАЛЫБАЙ: «ЖУРНАЛДЫҢ ӨРЕСКЕЛ КӨРІНУІН ТҮСІНЕМІН...»

Соңғы кездегі ел назарын аударған «Жұлдыздар отбасы. АҢЫЗ АДАМ» журналы төңірегіндегі дау-дамай қазір тыншыған сияқты. «Дәл Жеңіс күнінің қарсаңында Гитлерді насихаттады» деп айыптаған бір топ ардагер-ақсақал Алматыдағы әйгілі «28 панфиловшылар» саябағында журналдың атышулы мақала жарияланған нөмірін көпшілік көзінше өртеп жіберген еді.

sc0018.zharkain.akmoedu.kz

ҚЫТАЙДЫҢ ҚЫЗЫҚПАЙТЫНЫ ЖОҚ

Қытайда Орталық Азияны зерттейтін 20-ға жуық ғылыми зерттеу орталығы бар. Олардың басым бөлігі Қазақстанды зерттеуге бағытталған. Тіпті, әр облыс басшыларының кім екенін, қай рудан, бұрын не істегенін де бүге-шүгесіне дейін зерттейтін көрінеді. Мәселен, Қытайдың Қазақстанмен шекаралас орналасқан Шыңжаң өлкесінің орталығы Үрімжі қаласында «Экономика» дейтін газет шығады. Оның күн сайынғы нөмірінде біздің елдің күнделікті экономикалық жағдайын, анығырақ айтқанда, базардағы көкөніс бағасынан бастап мұнайымыздың әр баррелінің бағасына дейін жариялап отырады екен. Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының болашағына болжам жасап, тіпті, күзгі жиын-терімде қанша тонна астық алатынымызға дейін есептеп жариялайды. Сірә, қытайлар мұны да азырқанса керек, енді мектептерімізде қандай оқулықтар оқытылатынын да зерттей бастаған сияқты.

novosti.rs

ШВЕЙЦАРИЯ ЯНУКОВИЧТІ ТАҚЫРҒА ОТЫРҒЫЗДЫ

Ресей Қырымды өзіне қосып алғаннан кейін әлем дүр сілкінді. Батыс елдері мен АҚШ Ресейге қарсы санкция жариялаймыз деп қорқытты. Украина болса, Ресейдің бұл әрекетін барып тұрған басқыншылдық әрекет деп таныды. Алайда, Путин биілігі бұл ескертулерді құлағына да ілген жоқ. Референдум арқылы Қырымды Ресейге қосып ала салды. Иә, Путиннің дәурені жүріп-ақ тұр. «Барлығы орыс халқының қамы үшін жасалып жатқан әрекет» деп түсіндіреді ол.

i-news.kz

«ӘЛЕМДЕ 20 МЛН. ҚАЗАҚ БАР» ДЕЙДІ ТҮРІКТЕР

Жеріміз кең болса да халқымыз аз. Өткен жылы 1 қыркүйекте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстанда халық саны 17 млн. 75 мың адамға жеткенін хабарлаған болатын. Онда қазақтардың үлесі 11 млн. 1 мың 739 адамға жетті деп көрсетілген еді. Ал, биылғы мәліметке сүйенсек, қазақтар Қазақстанның 65,6 пайызын құрап, 11млн. 287 мың адамға жеткен. Алайда, жалпы әлемде қанша қазақ бар екенін ешкім нақтылы айта алмайды.

namys.kz

ҚАНДАСТАР МҰНАЙ ҮШІН КЕЛЕ МЕ?

Қазақ елінің болашағын бізден гөрі шеттегі қандастарымыз көбірек ойлайтын сияқты. Бүгін шеттегі қандастарымыздың сайттарын қарап отырып, «Қазақ елінің болашағы қандай?» деген тақырыпты көзім шалып қалды. Қазақ елінің болашағына болжам жасаған жігітіміз senkazakh.com порталындағы өзінің жеке парақшасына жазып қалдырған екен. Аты-жөнін көрсетпеген қандасымыздың ойынша, қазақ елінің болашағы тек мұнайға байланып қалған сияқты.

newskaz.ru

МИНИСТРДІҢ БӘРІ ОРНЫНДА

Кәрім Мәсімовтің қайтадан премьер-министр қызметіне тағайындалуымен Үкімет құрамы қайта жасақталды. Дегенмен, қайта жасақталды деген аты болмаса, министрлердің бәрі де орындарын сақтап қалды.

senkazakh.com

32 СЕРИЯ «КӨШПЕНДІЛЕРДЕН» ОН ЕСЕ АРЗАНҒА ТҮСІРІЛДІ

Қытайдағы қандасымыз Жанар Сағатқызы туралы біреу білсе, біреу біле бермейді. Қазақтың осы қаракөз қызы туралы қытайдың әйгілі режиссері Гуаң Чунлан өзінің естелігінде: «Жанардың әдемі есімі ешқашан есімнен кетпейді. Алайда, осы әсем есімнен де артық, көкейімде мәңгі өшпей қалған қап-қара қос жанары. Осы қара көзді табу үшін қаншама тентіредім десеңізші» деп жазады. Міне, осындай миллиардты өзіне тамсандырған қарындасымыз жақында арғы беттегі ағайындар жайында көпсериялы кино түсіріп, жергілікті көрермендер назарына ұсынды.

tv.headline.kz

ТЕЛЕӨНІМДЕРДІҢ САНЫ КӨП, АЛ, САПАСЫ ШЕ?

Телевизия – аса мықты идеялық қару, қазіргі заманның ең күшті ақпарат құралы. Әрі ұлттық өнер мен мәдени құндылықтарды таратушы әлеуметтік айна. Осынша қуатты идеологиялық құралды өз мүддемізге қалай пайдаланып отырмыз? Қазіргі көк жәшікте беріліп жатқан отандық телеөнімдер көрермен көкейінде жүрген сұрақтарды дөп басып айта ала ма? Осы айтылған сауалдарға жауап іздеп көрейік.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші