$ 444.22  476.38  4.82

ЭКСПО-ның қызығын ешкілер көріп жатыр (ВИДЕО)

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің аяқталғанына да 1 айдан астам уақыт өтті. Көрме ғимараттарының қаңырап бос қалмайтынын Мемлекет басшысының өзі айтқан болатын. Мұнда Астана қаржы орталығы орналасады. Сондай-ақ, ЭКСПО базасында болашақта "силикон" аңғары пайда болады деп күтілуде.

Ал, дәл қазіргі уақытта ЭКСПО-ның аумағында ешкілер жайылып жүр. Көрме біткеннен кейін қырқылмаған көк шөпті "рахаттана" жеп жүрген жануарларды куәгерлердің бірі бейнекамераға түсіріп алған.

Көрме басшылары мен жергілікті билік өкілдері ешкілердің қайдан келгенін әлі айтқан жоқ. Видеороликті әлеуметтік желіде қызу талқылап жатқан желі қолданушылары болса үй жануарларының жақын маңда орналасқан саяжайлардан келуі мүмкін екенін айтуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары