$ 439.43  473.31  4.82

Алтын құрсақты аналар да ел ертеңіне сенімді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, шаңырақтың  шаттығы мен берекесін тербеткен шардаралық аналар алқалы жиын өткізді. Бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен ақ жаулықтылардың қоғамдағы орны ерек.

Мәжілісте ел тәуелсіздігі дәріптеліп, ширек ғасырда жеткен жетістіктер айтылды. Мектеп оқушылары тарапынан концерттік бағдарламалар қойылды.Басқосуды «Аналар кеңесінің» аудандағы мүшелері ұйымдастырды.  Орталық кітапханада өткен шарада  шардаралықтардың ширек ғасырда жеткен жетістігі дәріптеліп, бағындырған белесі екшелді. Айту керек, бұл жылдары аудан әлеуеті 10 есеге артты. Қазірдің өзінде 7 млрд. теңгеге жуық қаражаттың өнеркәсіп өнімдері өндіріліп жатыр. Инвестиция икемдеуде де іс ілгері басқан. Әлеуметтік саладағы жетістіктер демографиялық өсімге де оң ықпалын тигізіп отыр. 

БАҚТЫБАЙ АЛИПОВ – ШАРДАРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Ауданға осы тәуелсіздік жылдарының ішінде. 77 құрылыс нысандары салынды, оның ішінде 37 үй бір қабатты тұрғын үй салынды. ... мынау заманауи типтегі үш мектеп салынды, 7 мектептің жанынан қосымша құрылыстар салынып жатыр, балабақшалар салынып жатыр. Осының барлығы мынау біздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміз.

Ел тыныш, жұрт аман. Халықтың қарны тоқ, көйлегі көк. Көңілі жайланған ақ жаулықты батыр аналар да мемлекет қолдауына ие. Шара барысында Елбасы еңбегі жайлы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Жас өнерпаздар концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары