13.03.2018, 16:03

Сейфуллин Жолбарыстың екінші орыс әйелі жұртты қазақша сөйлеп таң қалдырды (ВИДЕО)

Белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыс пен оның екінші жұбайы Екатерина Жолбарысова Түркияда демалып жүр. Өнер иесі үшін ислам дінін қабылдаған Екатерина енді қазақ тілінде жазба қалдырып, көпшілікті сүйсінтті.

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс өзінің екінші жұбайы Екатеринамен бірге түрік елін аралап, саяхаттап жүр. Оны әншінің жұбайының Instagram парақшасына күн сайын жүктеп жүрген әдемі суреттерінен білуге болады.

Қос жұп Түркияның әйгілі Стамбул қаласын аралап, қызықты сәттерін суретке түсіріп, желі қолданушыларымен бөлісуде. Сондай-ақ, ұлты орыс Екатерина Жолбарысованың қазақ тілін тәп-тәуір меңгеріп алғанын байқауға болады. Бұған дәлел, бойжеткеннің қазақ тілінде жазба қалдыруы болып отыр.

«Бұл жерде қалай жүрсең де жарасады. Ешкім сөкпейді, жаман көзбен қарамайды. Көшеде мыңдаған адам тар жерге сыйысып, ешкім ешкімді итермейді. Ұрысып немесе көшеге қақырып-түкіріп жатқан адам көрген жоқпын...Неше түрлі нәсіл, неше түрлі стиль, теріңнің түсіне немесе сөйлеген тіліңе безіремейді ешкім. Бізде де солай болса ғой! Хиджаб орамал киген қыздар күлімдеп жүр, қалғандарға «кафир» дегендей қарап, өздерін жоғары санамайды. Әркімнің өз таңдауы. Әркімнің өз жолы бар!», - деп жазба қалдырған әншінің жұбайы.

Желі қолданушыларының бірі «Бақытты болыңыздар, дәл айттыңыз» деген сияқты пікірлер қалдырып жатса, енді бірі, «Қазақ тілін қалай жетік меңгеріп алғансыз, керемет» деген сияқты пікірлерін жаудырып жатыр.

Дереккөз: NUR.KZ

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.