$ 474.83  518.99  5.4

Дэвид Немировски «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды

Жаттықтырушымен жасалған келісімшарт бір жылға есептелген.

Фото: hcbarys.kz
Фото: hcbarys.kz

«Барыс» хоккей клубы негізгі команданың бас бапкері қызметіне Дэвид Немировски тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаттықтырушымен жасалған келісімшарт бір жылға есептелген.

Немировски Құрлықтық хоккей лигасында 2015 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бастапқыда «Адмиралда» спорттық директор қызметін атқарған Дэвид кейін төрт жыл бойы «Торпедо» командасын жаттықтырды.

Ол Нижний Новгород қаласы ұжымының бас бапкері болған кезде команда үш рет Гагарин Кубогы плей-офф кезеңіне шықты. Өткен маусымда маман Новосібірдің «Сибирь» командасының бас бапкері болды.

Бас бапкерді таңдауда көп еңбектеніп, Немировскидің кандидатурасына тоқтауға шешім қабылдадық. Дэвидке Астана мен Қазақстан жақсы таныс, өйткені өзі де «Барыс» сапында өнер көрсетті. Енді оны басқа қырынан байқап көреміз. Жақында жаңартылған бапкерлер штабын жариялаймыз және алдағы маусымға құрам жасақтауды жалғастырамыз. Дэвидпен жұмысымыз жемісті болып, командамыз Лигада бұрынғыдай жақсы өнер көрсетеді деп сенеміз, - деді «Барыс» бас менеджері Олег Болякин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары