$ 498.34  519.72  4.85

Жеткілікті шығар біреудің тоқалы болған – Ақбота Сейітмағамбет

«KeshYou» тобының экс-мүшесі Ақбота Сейітмағамбет әлі де актер Дәурен Айдарқұловпен бір шаңырақ астында тұрып жатыр. Бұл туралы ол ұлттық арнадағы «Түнгі студия» бағдарламасында айтты.

Бағдарламаға көрермендерінің бірі әншіге сұрақ жолдап, «KeshYou» тобының қыздарын тоқал қылғысы келетінін жазыпты. Мұны естіген Ақбота біреудің тоқалы болу жеткілікті екенін айтып, Дәуренмен әлі де бірге екенін айтып қояды.

Сондай-ақ, әнші кезінде бұрынғы продюсері Баян Алагөзовамен неліктен ренжісіп қалғанын жеткізді. Айтуынша, Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығарда продюсеріне еш ескертпестен топтан кетіп қалған көрінеді. Бірақ кейіннен басына қиын сәттер туғанда өз қателігін түсініп, Баяннан кешірім сұрапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары