$ 494.87  520.65  4.91

Мақтаншақ! Қайрат Нұртастың анасы немерелерінің бөлмесін көрсетті (ВИДЕО)

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова енді жұртқа немерелерінің жатын бөлмесін көрсетіп мақтанды. Бірақ, бұл жолы продюсер көпшіліктің сынына ілінді.

Гүлзира Айдарбекова немерелерінің жатын бөлмесін ғана емес, ондағы небір ойыншықтарын да паш етеді. Өзі бала кезінде жалғыз қуыршақпен өскенін еске алып, қазіргі ұрпақтың бақытты екенін айтты.

«Балалы үй базар деген. Біздің үйдің Нары мен Ханының бөлмесіне саяхат» деген продюсер немерелерінің бөлмесін видеоға түсіріп, оны өзінің Instagram парақшасына жүктеген.

Бірақ желі қолданушылары бұл жолы Гүлзира Айдарбекованың мақтанған видеоларын көруден жалыққандарын ашық жазып жатыр.

Айта кетсек, мұның алдында әр барған жерін, ішіп-жеген тамағын парақшасына жүктеп отыратын Қайраттың анасын желі қолданушылары «Мақтаншақ» атап кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары