$ 514.93  536.04  5.18

Алтынай Жорабаева: «Мен де ет пен сүйектен жаралған пендемін»

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева өзін «Сенің табысың көп» деп көре алмайтындарға ренішін жеткізді.

Айтуынша, көпшілік оның қалтасындағы ақшасын санайды. Тіптен соңғы уақытта оған «Табысыңды жетім-жесірге бер» деушілер қатары көбейіп кетіпті.

«Мен де ет пен сүйектен жаралған пендемін. Менің де жүрегім бар. Менің де сезімім бар. Менің де көңілім бар», – деп жазды Алтынай Жорабаева Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, өзін бай емеспін деген ол, кез келген адамға көмектесуге міндетті емес екенін де айтты.

Айта кетсек, Алтынай Жорабаева бірнеше ай бұрын өзінің жиһаз салонын ашқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары