$ 443.85  474.3  4.8

Ақбота Сейітмағамбет: «Елге күлкі болмайық дедік»

Жуырда ғана заңды түрде некелескен актер Дәурен Айдарқұлов пен әнші Ақбота Сейітмағамбет елге күлкі болмау үшін қайта бірге болуға шешім қабылдаған. Бұл жайында ерлі-зайыптылар «НТК» арнасындағы «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді.  

Ақбота Сейітмағамбетке Дәурен осы уақытқа дейін өзіне заңды түрде тұрмысқа шығуына ұсыныс білдіріп келіпті. Алайда Ақбота оған сенімсіз болған соң, қолын бірнеше рет қайтарыпты.

«Негізі Дәурен бұрыннан ұсыныс тастайтын. Мен енді шамалы еркелеп, қырсықтанып, жауабымды айтпай жүрген болатынмын. Енді, ортақ баламыз болған соң, елге күлкі болмайық дедік те, екеумізде осы шешімге бел будық» – дейді әнші.

Бүгінде бақытты ерлі-зайыптылар көпбалалы ата-ана болуға дейін жоспарлап қойған.

Айта кетсек, осыған дейін Ақбота мен Дәурен бірнеше рет қосылып, айрылысып та үлгерген. Екеуінің арасына о баста актердің бірінші әйелі түскен болатын. Оның бәйбішесінен екі қыз, бір ұлы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары