Шымкенттегі аталған аллея осыдан бірнеше жыл бұрын бұрынғы «Көл» базарының орнында пайда болған еді. Онда Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан даңқты өнер жұлдыздарының есімі арнайы тақтайшаға жазылған. Ал, аллеяның дәл ортасында композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші тұр.
Аллеяда 48 жұлдыздың есімі бар. Жаңадан қослылған тақтайшаларға Қайрат Нұртастың, Нұрлан Өнербаевтың, Сәкен Майғазиев пен Атхамбек Юлдашевтің есімдері жазылыпты.
Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!