$ 494.87  520.65  4.91

«Әйеліме ұқсағанын қалаймыз»: Димаш Құдайбергеновтің әкесі болашақ келіні туралы айтты

 

Танымал әнші Димаш Құдайбергеновтің әкесі Қанат Айтбаев болашақ келіні өзінің әйелі Света Айтбаеваға ұқсағанын қалайтынын айтты.

Алайда, гастрольдік сапарлармен жиі шетелде жүретін Димаш үшін жеке өмірін қалыптастыруға уақыты жоқ. Десек те, ата-анасы ұлының болашақта өз бақытын тауып, шаңырақ көтергенін қалайтындарын жеткізді.

«Болашақ келініміздің өз әйеліме ұқсағанын қалаймын», – дейді Димаштың әкесі Қанат Hit Tv арнасына берген сұхбатында.

Айта кетсек, осыдан бірнеше ай бұрын желі қолданушылары Димаштың бейтаныс арумен түскен суретін көріп, сүйіктісі болу керек деп болжаған болатын. Бірақ ол бойжеткен туралы одан кейін ешқандай мәлімет айтылған емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары