14.09.2018, 11:09

«Ол тастап кетті»: Мөлдір Әуелбекова күйеуінен ажырасқанын мойындады

Мөлдір Әуелбекова жарының суреттерін Instagram-парақшасынан өшіріп тастағалы көпшілік одан «Ажырасып кеттіңіз бе? Күйеуіңіз қайда?» деп сұрақтың астына ала бастап еді. Бірақ әнші олардың ешқайсысына да жауап бермей жүрген. Журналистерге де жеке өмірі жайлы айтудан бас тартатын ол бұл жолы НТК арнасынан шығатын «Ревю» бағдарламасында ағынан жарылыпты.

Әнші күйеуінен 1 жарым жыл бұрын айрылысып кеткен екен. Тіпті, әкесі бүгінге дейін баласын да көруге келмепті.

«Балаға кесірі тимесе екен деп көбінесе ұлымды уайымдаймын. Ғаламтор бар ғой қазір. Ертең бала өскеннен кейін, оны көреді. Неге олай болды деп көңіліне кірбің түседі. Мен қазір отырып алып, ол бүйтті-сүйтті, ол тастап кетті, ол былай болды деп айтып отырғаннан, ешкімнің ештеңесі кетпейді. Ертең балам қиналады», – деп сұхбат берді Әуелбекова.

Еске салсақ, Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы Арыстан есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шыққан. Бүгінде олардың ортақ некелерінен бір ұл бала бар.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.