$ 444.22  476.38  4.82

«Өмірімізде заңсыздық боп жатыр»: Баян Алагөзова екінші күйеуінің кәсібін бұрынғы әйелі тартып алғанын айтты

Танымал продюсер Баян Алагөзова екінші күйеуі Тұрсын Алагөзовтің бизнесін бұрынғы әйелі тартып алғанын айтты. Осыған қатысты Қазақстан Жоғарғы сот төрағасына ашық хат жолдап, көмек сұрады.

«Күйеуім екеуміздің өмірімізде заңсыздық боп жатыр. Бізге қатысты алдын ала жоспарланған рейдерлік шабуыл жүргізіліп жатыр. Жолдасымыз екеуміз де кәсібімізді нөлден бастағанбыз. Жұрт қатарлы салық төлейміз, жаңа жұмыс орындарын ашамыз, мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істейміз. Алайда, өмір біз ойлағандай емес екен. Бәзбіреулер бірге тапқан табысты бөліп алуға қарсы. Олар бәрін тартып алғысы келеді. Бизнесімізді («Galanz bottlers») заңсыз тартып алу үшін олар соттарды пайдалануда. Осы бизнесіміздің төңірегіндегі дауға қатысты соттың жүріп жатқанына бүгінде бір жылдан асты. Қазір Жоғарғы сотта Тұрсын Алагөзовтың «Galanz bottlers» компаниясындағы акциясына қатысты іс тергеліп жатыр», – деп жазды Баян өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтан істі әділ шешіп беруін сұрап отыр.

Баянның сөзіне сенсек, Тұрсынның бірінші әйелі мен одан туған балалары сот арқылы оның бүкіл бизнесін тартып алғалы жатыр екен.

«Алагөзовты кәсібінен шеттету мақсатында оның жасанды қолын қойған кездер де болды. Ол адам табылып, барлық кінәсін мойындаған. Күйеуімнің маңдай термен еңбектеніп тапқан акциясын тартып алғылары келеді. Ажырасу кезінде мүлікті бөлу туралы келісім болған. Алайда, әйелі барлық акцияны өзіне қалдырғысы келеді. Сізден осы мәселені мұқият қарастыруыңызды сұраймын. Сіздің тарабыңыздан әділеттікке қол жеткізетініме сенемін!», – деп жазды Баян Алагөзова Жақып Асановқа.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары