$ 441.66  475.14  4.86

Әйгілі опера әншісі Монсеррат Кабалье қайтыс болды

Әлемге әйгілі испандық опера әншісі Монсеррат Кабалье 85 жасқа қараған шағында Барселонада қайтыс болды деп жазады РИА Новости "Франс Пресс" агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, даңқты әнші түнде Сан-Пау ауруханасында көз жұмған. Жерлеу рәсімі дүйсенбі күні өтеді деп жоспарлануда.

Айта кету керек, қыркүйек айында Vanguardia басылымы Монсеррат Кабальенің науқастанып, Барселонадағы ауруханалардың бірінде емделіп жатқанын жазған еді. Журналистер оның қуық безі ауыратынын да ашық мәлімдеді.

Монсеррат Кабалье италиялық Россини, Беллини және Доницетти опералары арқылы көпшілікке танылған. 2012 жылы ол қарттығына және сырқатына қарамастан әлемнің бірнеше театрында ән шырқады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары