19.10.2018, 12:42

Алматыда «Сайра, бұлбұл!» атты дәстүрлі ән кеші өтті

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сайра, бұлбұл!» атты дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас таланттардың дәстүрлі музыка кеші өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жолдау-мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген болатын. Қазақтың сондай бойымызда мәңгі қалуға тиіс, тамырын тереңнен тартатын ұлы өнерінің бірі дәстүрлі музыкасы. «Сайра, бұлбұл!» атты дәстүрлі музыка кеші де сол ардақты мұрамыз дәстүрлі өнер әлемінде жүрген жас таланттарды қолдау, қуаттау, оларды ынталандыру мақсатында өтті.

Жоғары деңгейде өткен дәстүрлі музыканың алтын арқауындай ән, күй, жыр кешіне Талғат Әбуғазы, Эльза Қарабалина, Жанаргүл Сәркенова, Айсарбек Ақияшев, Азат Дулатұлы, Сәулежан Тағзияұлы, Уатқан Шаттық, Рауан Әбілбаев, Өсербай Ақжол, Нұршат Ақбаева, Нұрай Айтуарова, Әйгерім Қараменова, Әнел Туырлықбаева, Айдана Асанбаева, Мақпал Манасбаева, Ернар Әлімжанов, Сырым Нұрболдин, Ақтілек Ақиқат, Серікбол Жұмаділ, Ідірбай Байбақты сынды өнерпаздар қатысты.

Дәстүрлі музыка кешін Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен өтіп отқанын айта кету керек.

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.