Әнші әрі актриса, «А.И» театрының директоры Айгүл Иманбаева өзінің жап-жас «жігітімен» таныстырды. Бұл туралы ол «Хабар» агенттігі теларнасының «Таңғы хабар» бағдарламасында айтты.
«Әли Жарасұлы актер ғана емес, менің жігітім. 21 қараша күні бар шындықтың беті ашылады. «Астана ЭКСПО-2017» көрме орталығында «NOMAD» City Hall концерт залына келіңіздер», − деп әнші актердің күйеу жігіт рөлін сомдайтынын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін әнші биыл өзінің шетелде тойы болатынын айтқан еді.