$ 498.34  519.72  4.85

«Маған да гей деді»: актер Алмат Сақатов «91» тобын сынағандарға жауап берді

«Бауыржан шоу» театрының актері Алмат Сақатов  «91» тобына айтылатын сындармен келіспейді. Бұл туралы ол «Астана» арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында айтты. 

 «91» тобының қандай кемшілігі бар? Олар гей емес. Бірінші кемшілігін білу керек. Оларды халық, жастар жақсы көреді», - деген ол өнерлі жігіттерге айтылатын сынның шын емес екенін жеткізді. 

Актер 14-16 жастағы жастардың ішінде қайнап жатқан қарсылық бар екенін, өзі де бір кездері құлағын тесіп, шаш қойғанын айтады. 

«Мен де сондай болғам. Әлі күнге дейін құлағымда тесік бар. Маған «Мынауың не?», «Гейсің бе?» дегендер болды. Ол - сән, стиль», - дейді Сақатов.

Айта кетейік,  «91» тобы жақында ғана Кореядан жеңіспен оралған. Шетел саxанасында олар тек қана қазақ тілінде сөйледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары