$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда Наурыз мерекесі қарсаңында 30 экспозициялық киіз үй қойылды

Қарағандыда ең ауқымды Наурыз мерекесі орталық саябақта тойланды. Кеш қонақтары «Наурыз – Еліміздің Ұлы күні» атты театрландырылған көрініс тамашалады. 

Көрермендерді қала әкімі Нұрлан Әубәкіров Наурыз мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ «Харекет» қайырымдылық қоры көпбалалы отбасылардың біріне пәтер кілтін табыс етті.  Баспаналы болған көпбалалы жалғызбасты ана Ардақ Жұмабекова Ұлыстың ұлы күні шаттыққа бөленгенін айтып, алғысын білдірді. 

Орталық саябақта Наурыз мерекесіне қарай 30 экспозициялық киіз үй мен 20-ға жуық сауда шатыры орнатылды. 

Саябақ сахнасында халық ұжымдары мен Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері өнер көрсетті.  

Айта кетейік, Қарағандыда Наурыз мерекесі 25 наурызға дейін тойланбақ. Мәселен, 23 наурыз күні сағат 14.00 Орталық саябақта «Наурыз думан!» концерті, 23 және 24 наурызда «Молодежный» МҮ Пришахтинск тұрғындары «Наурыз – ұлт құндылықтарының бастауы» мерекелік бағдарламасын тамашалай алады. Ал 24 наурызда сағат 14.00-де орталық саябақ сахнасында «Наурыз көктем!» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары