$ 443.35  475.54  4.82

Жол полицейі әріптесін пара алып жатқан жерінде ұстап берді (ВИДЕО)

Жемқорлыққа жол жоқ! Жол полицейлері әріптестерін пара алып жатқан жерінен ұстап берді. Видео Instagram-парақшасындағы zello_astana тобында жарияланған.

Видеода екі полицейдің әріптестерін қолын қайырып, тұтқындап жатқаны анық көрінеді. Оқиғаның анық қайда болғаны белгісіз. Бірақ патрульдік полиция көлігінің сыртындағы телефон номерының коды Уфа қаласына тиесілі. Яғни, бұл жайт Башқұртстан астанасында болған деуге негіз бар.

Желі қолданушылары болса, полиция қызметкерлерінің басым көпшілігі пара алатынын жарыса жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары