$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады

Қазақстан халқы мамыр айында 11 күн демалады деп жазады sputniknews.kz. Қазақстан халқы бірлігі күнін тойлауға байланысты 28 сәуір (сенбі) жұмыс күні, ал 30 сәуір (дүйсенбі) демалыс күні болады.

Осылайша, қазақстандықтар 1 мамырға үш күн қатарынан: 29-30 сәуір және 1 мамыр күні демалады.  

Одан бөлек, 5 мамыр, сенбідегі демалыс күні 8 мамыр, сейсенбіге ауыстырылады. 7 мамырда Отан қорғаушы, ал 9 мамырда Жеңіс күні тойланады. Яғни қазақстандықтар бұл аптада төрт күн қатарынан – 6-9 мамыр аралығында демалады.     

Мамыр айында мереке күндерін қосқанда 11 демалыс күні бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары